Қызмет – онлайн түрінде

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет ету аймағы ашылды. Бұрын кеңесшілер көрсетіп келген қызметтердің біразын енді онлайн алуға мүмкіндік бар.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тамыз айында толықтай жаңа форматқа көшті. Бұл жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

«Кәсіпкер орталықтағы компьютер көмегімен тіркеледі. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болуы шарт. Алдымен, өзі туралы мәліметтерді енгізеді, бұл келісімшарт жасау үшін қажет. Кейін қажетті қызметті таңдап, тапсырыс береді.

Өз-өзіне қызмет ету аймағына болашақта сұраныс артуы тиіс»,-дейді бұл жөнінде Атырау облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Жанаргүл Жоламанова.

Атап өту керек, қызмет түрі  сервисін смартфонға жүктеу арқылы да қолжетімді. Алайда бұл ретте қызметтің үш түрі: маркетингтік, бухгалтерлік, салықтық жобаларды сүйемелдеуге орталық кеңесшілерінің көмегі қажет. Сондықтан, аталған қызмет түрі бұрынғы форматта жүргізілуде. 

Сондай-ақ кеңесшілер өзіне-өзі қызмет ету аймағында клиенттерге көмек береді. Бастапқы кезде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Дегенмен, болашақта ұсыныстар ескеріліп, онлайн-қызмет жетілдіріліп отырады.

Кәсіпкерлер палатасының мамандары қызмет алушыға әрқашан да көмек көрсетуге дайын. Болашақта әр кәсіпкер өз үйінде немесе кеңседе отырып-ақ тапсырыс беретін болады деп есептейді мамандар.

«Жаңа форматқа аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары да түгел көшті. Атап өтетін жайт, тұрғынжайға қарамастан онлайн қызметті кез келген қалада алуға болады»,-деді палатаның аудандағы директоры М.Тасыбаев.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521