Қысқа жақсы дайындалған

«Көтібай» қыстағында ағайынды Қанатқали, Еркінғали Нарышевтар «Жарсуат» өндірістік кооперативінің аталық малын бағып отыр.

 

Бірден шаруа жайын білмек болып, аула-қораға қарай барғанымызда сол жерден ағайынды азаматтар қарсы алды.

Ауа райы қолайсыз болғандықтан мал ықтап, далаға беттемей тұрған көрінеді. Сондықтан аулаға шөп салып, кейін қарлатып жатыр. Осы ауылдан түстеніп, абысынды-келінді Қарлығаш пен Анардың дәміне ризашылығымызды білдірдік. Тары-талқан, құрт-майы, қою шайы, табананы, әйтеуір қырдың дастарханының ажары бөлек қой, шіркін. Оның үстіне ағайын-туысты әулет болған соң соғымға ойсылқараны жығыпты. Онысын өзімен бірдей тоқпан жіліктің етін жұқалап турап отырған Еркінғалидың өзі де айтады. Айтпақшы, ол өткен жылы Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің Социалистік Еңбек Ері Сақан Дәулетқалиев атындағы жүлденің иегері атанды. Бүгінде кооперативтің белсенді қызметкерлерінің бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521