«Учаске» шарасы басталды

Халық арасында ішкі істер органдарының имиджін арттыру, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм фактілері көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында «Учаске» шарасы басталды.

-Алдымыздағы 5 желтоқсанға дейін жалғасатын жедел профилактикалық іс–шарасы кезінде аудан көлемінде әрбір әкімшілік учаскеде бірыңғай тексеріс жүргізу үшін үш полиция қызметкерлерінен құралған топтар жұмыс жүргізеді. ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын адамдар, азаматтық қару иелері мекен-жайлары бойынша тексеріледі. Сонымен қатар, «Учаске» жедел профилактикалық іс–шарасы кезінде жалға берілген пәтерлер, үй жайлар да назардан тыс қалмай, тексеріледі, - деп хабарлады аудандық ІІБ ЖПҚ УПИ тобының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы Тілекші Шамұратова.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521