Тоқыма киімге сұраныс артты

Елтайлық Мая Шөптібаева ауыл тұрғынының кішкентай балаларға арналған тоқыма киімдерін сатады.

Ол өз сөзінде балаларының бәрін осылайша киіндіретінін, қолғап, нәски, кеудеше, т.б 3-4 сағатта тоқып бітіретінін, оған сұраныстың көптігін айтады.

Сондай-ақ, осындай істі серік еткендердің бірі киім-кешек сатумен айналысатын индерборлық кәсіпкер Қымбат Жолдыбаева да қолы қалт еткенде кавказдық қой жүнінен түрлі киім тоқиды екен.

Аққалалық тұрғын Бибінұр Айтекеева: – Үйде отырып, сұраныс бойынша бас киім, шұлық, т.б. тоқыма киім түрлерімен қатар төсеніштерді тоқыдым. Тапсырыс берушілер көп болды. Жіпті Орал қаласынан алдырамын. Қазір еріммен бірге Бағырлай каналы бойында шаруашылықтамыз. Алдағы уақытта аз пайыздық несиемен қазіргі заманға сай тоқыма тоқитын станог алып, кәсібімді ашсам деймін. Онымен жиделерді 1-2 сағатта тоқуға болады, –дейді.

Қайткенде де тоқыма табыс көзі ғана емес онда ұлттық құндылығымыз – қолөнердің ғажайып туындылары барын ескеруіміз қажет. Сонау көшпелі өмірден халық тұрмысымен бірге жетіліп, шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Бүгінде әр түрлі мәдени шаралардағы көрмелерден, оның ішінде, оқушылардың да қолынан шыққан тамаша туындыларды көріп таңдай қағып жүрміз. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген бұл да отбасылық тәрбиенің жемісі. Ал мұны үлкен өнеркәсіптік іске айналдыру келешектің ісі. Шынында да тоқымашылар неге назардан тыс қалып жүр.

Ж.ІСІМ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521