Темір сатып байып жүрген кімдер?

Бұрынғы кәсіпорын, кеңшарлардан қалған темір-терсектерді сатып құныққандар енді жер астындағы құбырларға ауыз салып жүр.

Айталық Елтай ауылдық округіне қарасты бұрынғы егістік алқабындағы тұрбаларды біреулер қазып алып, орнын тегістемеген. Сонын салдарынан ауыл малы орға түсіп өлген. Бұл туралы кеш болса да Елтай округінің әкімі Е.Дүйшім қазып алушылар орнын тегістейтінін мәлім етті.

Сондай-ақ Индербордағы кәріз су тазарту қондырғысына бұрынғы тартылған құбырларды да біреулер қазып алып, орны жартылай көміліп астан-кестен жатыр. Бұл туралы коммуналдық салаға жауапты бөлім басшысы А.Рамазанов хабарсыз екендігін айтса, Индербор кенті әкімі А.Аймұратов бұл лауазымдық қызметке келгенге дейін орын алған іс екендігін атап өтті. Сонда әркім ойына келгенді істей бере ме? Бұл жердің иесі қайда?

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521