Тәртіп бұзғандар жауапқа тартылды

Аудан көлемінде таяуда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында өткен шарада жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобы мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бірлесіп рейд жүргізді.

Іс-шара кезінде заңсыз автобустар мен такси арасында қызметін тіркеусіз жүзеге асырған 17 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған-6 адамға, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін-2 адамға, жүру жылдамдығын арттырған-2 адамға, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамаған-1 адамға, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамаған-2 адамға, сыртқы жарық түсіру аспаптарын және дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзған-3 адамға, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарған-1 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынып, басқа да шаралары алынды.

Айта кетейік, аталған шара 14-16 ақпан аралығында тағы өтеді.

Б.Сисенғалиев,

аудандық ІІБ ЖПҚБ ПП тобының қызмет инспекторы, полиция кіші лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521