Тұрмысты оңалту – тұрлаулы қызмет

- Ажар Жалғасқызы, Жолдауда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіру міндеттелген болатын. Бұл тапсырма Сіздің сала бойынша қалай іске асырылуда?

- Тұжырымдап айтсақ, аудан көлеміндегі жалғызбасты қарттар және мүмкіндігі шектеулі балалармен кент, ауылдық округтерде жұмыс жасап жүрген 22 әлеуметтік қызметкердің, ақылы қоғамдық негізде жүрген 210 азаматтың жалақылары 2019 жылдың 1 қаңтарынан өсіммен төленіп келеді. Күні бүгінге Жолдаудағы тапсырманы орындау мақсатында бөлім атынан кәсіпорындарға ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын өсіру жөнінде ұсыныстар жолданды. Жалпы қолданыстағы заң шеңберінде мемлекеттік атаулы көмек туралы айтсам, бұл көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жан басына шаққандағы жиынтық табысын есептегенде кедейлік шегінің ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 пайыздан 14849 теңгеден аспайтын тұлғаларға төленеді. Тұрғын үй көмегі - үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысының 5 пайызы есептеліп, тоқсанына коммуналдық төлемдерге төленген шоттардың айырмасынан 5 пайыздық жинақы алынып айырмасы төленеді. Біржолғы әлеуметтік көмек жанбасына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен ол 27057 теңге аспайтын азаматтарға беріледі.

- Дегенмен аудан әкімінің орталықта өткен есебінде көптеген сауалдар атаулы әлеуметтік көмекке байланысты болды. Бұған не дейсіз?

- Қолданыстағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидасына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Парламентінде қаралуда. Соның ішінде табыс көлемінен мүгедектігіне байланысты жәрдемақыны, стипендия, жеке қосалқы шаруашылығын кірістен алып тастау талқыланып жатқанын айтқан дұрыс болар.

- Мәселен, жалғызбасты анаға 16 мың теңге ғана көмек беріледі, бұл жеткіліксіз емес пе?

- Кедейлік шегінің ең төменгі күнкөріс деңгейін 50 пайыздан 70 пайызға өсіру мүмкіндігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінде талқылануда. Содан соң барып қана бұл тақырып бойынша міндеттер анықтала түспек.

- Мүгедектерді қорғауды жетілдіру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

- Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны 1421 адам (бірінші топтағылары – 199, екінші – 525, үшінші – 511 адам, ал мүгедек балалар–186 адам). 2018 жылы 107 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емдеумен, 54 мүгедек оңалту орындарымен қамтамасыз етілді. Сол секілді 93 мүгедек тифлотехникалық, 20 мүгедек сурдотехникалық, 20 мүгедек арнаулы жүріп-тұру, 24-і протездік ортопедиялық, 308 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Толығырақ газетіміздің 28 ақпандағы №9 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521