Тұрғындарға айыппұл салынды

Жуырда кентімізді абаттандыру және санитарлық тазалық ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында кент көшелеріне рейд жүргізілді.

Оған кент әкімі аппаратының бас маманы Е.Сыралиев және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары Т.Наурызбаев, А.Хасанов қатысты. Махамбет, Бейбітшілік көшесінен бастау алған рейд «Көктем» мөлтек ауданы қарасты көшелерінде жалғасын тапты.

Тексеріс барысында белгілі болғанындай, кент көшелерінде қоқыс үйінділері толық тазартылмаған, ал кейбір үйлердің жанында тұрмыстық қатты қалдықтары шашылып, көше тазалығын сақтамай тәртіп бұзған тұрғындар анықталды.

Тексеріс кезінде Махамбет көшесі №38 үй тұрғыны Қ.Сидеғалиев, Т.Ізтаев көшесіндегі №4/2 Е.Шамшенов, №9 3/1 Т.Шамшенов тұрғындарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 505 – бабының 1 – бөлігін бұзғаны үшін ескерту хаттамасы толтырылып, кемшіліктерді жою үшін үш күн уақыт берілді.

Рейд барысында жергілікті тұрындар кент көшелерінің көп жерлерінде қазу жұмыстары басталып, асфальттардың бұзылып, топырақтар тегістелмегенін, содан кент көркіне кері әсер етіп жатқандарын жасыра алмай, наразылық танытты.

–Кент тазалығы мен сәулетінің сақталу барысы сарапқа салынып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұдайы жүргізу алдағы уақытта жалғасын табады,-дейді кент әкімі аппаратының бас маманы Е.Сыралиев.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521