Тәй-тәй басып төл өруде

Кең жайлаудың сәні болған төрт түлік мал да төлдеп, көбейер тұсы қар еріп, жер аяғы кеңінен осы наурыздың күндерімен орайласа жететін табиғат-Анадағы үйлесімділіктің орны қашанда бөлек қой, шіркін!

Әрине, Жайық бойындағылардың қашық жатқанымен де ондағы соңғы өзгерістер мен еніп жатқан жаңалықтар алыс қыстақтағы малшыларды айналып өтпесі анық. Қайта күнбе-күнгі орын алып отырған өзгерістер мен талаптар жаңаша жұмыс істеуге оларды да бейімделуге мәжбүр етуде. Мұндай соны жаңалық «Уәли-ата» шаруа қожалығын басқаратын танымал малбегі Қанат Бисенғалиевтың де шаруасын қамтып отыр. Олай дейтініміз, «Қарасу» қыстағын жайлайтын Қанат пен Гүлбаршын ұлдары Аманжанға қазақи жолмен енші беріп, өз алдына «Нариман» шаруашылығын құрып, ол «Құттыбикеге» қоныстаныпты.

Мұндағы боталаған төрт інгеннің күтіп-баптауын, басқа да талабын жақсы меңгерген ұлдарының болашақта ата-анасына көмектесіп, ауылды, ауданды шұбатпен қамтуды молайтуға толық күші жетеріне олар да сенімді. Ата-анасының қолынан ата кәсіптің қыр-сырын үйренген жастан болашақта алдыңғы қатарлы малбегі өсіп шығары сөзсіз.

Дала төсі ерлерінің басталып кеткен мал төлдету науқанындағы осылайша қым-қуыт еңбек қарқыны бүгінгі Наурыз тойын тойлау кезінде де еш бәсеңдемесі анық. Олардың еңбектеріне тек табыстар тілейміз.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521