Сый ұсынып, бәлеге қалды

Өңірімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою мақсатында «Атырау-адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.

Бүгінгі күні жүргізілген жұмыстардың нәтижесі көрінуде. Атап айтсақ, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынан «соттың мемлекеттік қызметшілеріне заңсыз ақша беру фактісі бойынша шара алу жөнінде» қызметтік хаты мен құжаттар түскен болатын.

Аталған құжаттар бойынша анықталғаны, 2019 жылдың 15 қаңтар күні Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында Н.Блгалиев мемлекеттік қызметші - осы соттың жетекші маманы Ә.Болатқа өзінің функционалдық міндеттерінде көрсетілген қызметін орындау барысында заңсыз сый ретінде 500 теңгелік купюродағы ақшаны құжат қабылдайтын терезе арқылы, алдына қойып, кетіп қалған.

Осы дерек бойынша Департаментпен 21.01.2019 жылы Н.Блгалиевке қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 676 бабымен (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) әкімшілік хаттама толтырылып, қарау үшін сотқа жолданды.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 22.01.2019 жылғы қаулысымен Н.Блгалиев ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды.

Құжаттарды жинақтау барысында анықталғаны, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы Болат Әселхан 2018 жылдың желтоқсан айының 28-де осы лауазымға тағайындалғаны және жас маман бола тұрса да өзінің кәсіби біліктілігін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік әрекетін көрсеткен.

Яғни, Ә.Болат Н.Блгалиевке мемлекеттік қызметшіге ақша немесе сый ұсынуға болмайтындығын, заңсыз екендігін айтқан және бұл жөнінде басшылыққа дер кезінде ескерткен.

Өз кезегінде бұл құқықбұзушының әрекетін әшкерелеуге және оған қатысты толық дәлелдемелер жинақтауға мүмкіндік берді. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521