Сапалы білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда мемлекет білім саласына көп мүмкіндіктер жасап келеді.
Ал кәсіби мамандар дайындауда оқу орны мен әлеуметтік серіктестік байланысының нығаюы осы талаптың жоғары жетістігі болып отыр. Біз «Алтықұлаш» шаруа қожалығы өзара келісімшарт негізінде Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжімен бірнеше жылдан бері әлеуметтік серіктес ретінде нәтижелі жұмыс жасап келеміз. Оқып, кәсіби білім алып отырған жас мамандардың өндірістік тәжірибеден өтіп, оқу шеберлерінің өз топтарымен сабақ өткізулеріне барлық жағдай жасалып келеді.
Айталық, II курс студенттері өз өндірістік оқу шеберлерімен бірге көктемгі – мал төлдету, қой бағу, күзгі – шөп тасу, малдың көңін шығару сияқты қысқа дайындық және науқандық жұмыстарға белсенді қатысып жүр. Ал III курс студенттері 3 аптаға үш студенттен бөлініп өндірістік практикадан өтті. Олар практика кезінде өздерінің мал төлдету жұмыстары бойынша алған теориялық білімдерін еңбек етіп көрсете білді. Осы сәтте студенттердің тапсырылған істі жауапкершілікпен орындауларынан, білімділігін білуге талпынған әрекеттерінен олардың өз мамандықтарына деген құрметті байқадық.
Түйіндей келе, біз алдағы уақытта да колледж ұжымымен серіктестігімізді нығайтып, бірлесе жұмыс атқарамыз деген сенімдемін.
Серікқали Өткепқалиев,
«Алтықұлаш» шаруа
қожалығының төрағасы.