Сот саласына сенім жоғары

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауы сот жүйесінде кеңінен талқыланып, жүзеге асыру жолдары айқындалуда. Оны біз ұжымда талқылап, өзімізге жүктелген міндетті айқын сезінудеміз.

Елбасы әрқашанда сот жүйесінің жұмысына басты назар аударуда. Бұл тұрғыда ол сот төрелігін мемлекеттің, қоғамның жалпы дамуынан бөлмейді. Сондықтан, сот саласының алдағы жаңғыруы Жолдауда айқындалған. Осыған байланысты біздерге қойылған басты мақсат – соттарға сенімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.

Жолдауда соттар алдына үш бағыттағы нақты міндеттер қойып отыр: жұмысты заманауи форматта дамыту мен озық электрондық сервистерді еңгізу, судья қызметіне ең үздік заңгерлер ұмтылуына жағдай жасау, соттарға заңсыз ықпал етуді болдырмай, түсінікті және болжамды сот практикасын қалыптастыру.

Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар алдағы уақытта жалғастырылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асановтың бастамасымен «Жеті тас» басым шаралар аясында Атырау облысы бойынша соттарда «Фронт-офис», «Судья көмекшісі», «Смарт-сот», «Түнгі сот», «Татуластырушы судья» пилоттық жобалары іске асуда.

Индер аудандық сотының штат кестесі бойынша судья саны аз болғандықтан «Түнгі сот», «Татуластырушы судья» жобаларын жүзеге асыру мүмкін болмай отыр, «Оңтайлы орта», «Судья көмекшісі» жобаларын еңгізуге шаралар алынуда, «Смарт-сот» жобасы бойынша озық технологиялар қолдану арқылы бейне байланыс арқылы соңғы бір ай ішінде 4 іс қаралды, бұл шара халыққа ыңғайлы екенін дәлелдеуде, алдағы уақытта кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, «Сотқа дейін, сотта татуластыру» аясында ауданда «Билер кеңесі» кабинеті ашылып, араларында дау туған тараптарды татуластырып, мәселені өзара келісіммен шешуге ықпал жасалуда.

Дина ТҰХФАТОВА,

аудандық соттың төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521