Серік Сисатов – Өрлік ауылының әкімі

Демократиялық сайлау үдерістері нормаларын сақтай отырып, жергілікті жерлердің әкімдерін сайлау – елімізде соңғы жылдары жүзеге асып келе жатқан науқандардың бірі.

Сайлау туралы қолданыстағы заң нормаларына сай, халық атынан сайланған депутаттар өз өкілеттіктері аясында кеше Өрлік округі әкімін сайлады. Одан әрі депутаттар өз таңдауларын жасаған соң комиссия мүшелері сайлау жәшігін ашып, қай кандидатқа қанша дауыс бергенін санады. Осы жерде сайлау комиссиясының төрағасы көпшілік дауыспен Серік Сисатовтың Өрлік округі әкімі болып сайланғаны жөнінде хабарлады. Жаңадан сайланған әкім Махамбет ауданына қарасты Береке ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үш мыңға тарта тұрғыны бар елді мекенге әкім болуды тәуелсіздік жылдарынан бері қарай есептесек, 6 әкім басқарған екен. Сондықтан да жаңа сайланған жетінші әкімге алда шешетін міндеттер жеткілікті. Ең бастысы, халықтың сенімін ақтап, Елбасы саясатының тыңғылықты жүзеге асуына жатпай-тұрмай еңбек етуі керек-ақ. Тұрғындардың талап-тілегіне сай қызмет ететініне депутаттар да үлкен сенім артып отыр.

Ж.ІСІМ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521