Семейде болған сарбаздар

Халқымызға талай қайғы мен қасірет әкелген Семей полигонын Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен  ғана жабуға мүмкіндік туды.

Халықтың қасіреттен құтылуына жол ашқан бұл күнді бүкіл әлем халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні болып атап өтуді дәстүрге айналдырды.  Айтулы датаға орай  аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратов  Семей ядролық полигонында әскери        борышын өтеген аудандағы бір топ ардагерді  қабылдады.

Кездесуді ашқан  Дарын Шамұратов Елбасы Н.Назарбаевтың сынақ алаңын жабуы еліміздің тәуелсіздік алар тұстағы ең маңызды шешім болғанын, бүгінгі мемлекетіміздің  қарышты дамуы бейбітшілік пен бірлік жолын таңдаудың нәтижесі екендігін атап өтті.  Мерекелік шара аясында аудан әкімінің алғыс хатын Бертілеуов Сәрсенбай Айтжанұлына, Тауманов Ідіріс Қуанбайұлына, Хасанов Асылбек Өтешұлына, Құлбаев Ғабиден Нығметұлына, Сапағұл Сәлімжан  Бекқайырұлына, Ақбасов Бақтолла Наурызұлына табыс етті.

Мерекелік шарада аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы міндетін атқарушы Е.Қабатов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мурзин мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшысы А.Аймұратов өз тілектерін білдірді.

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521