Сауын сиырларды қоқыс қашанғы асырайды

Кентіміздің келбетін бұзып, үйінің айналасы құрылыс заттарына толған тұрғындарға бүгін жергілікті атқарушы билік өкілдерімен біріккен рейд жүргізілді.

Рейд барысында көше бойындағы ретсіз тұрған құрылыс материалдарының кімге тиесілі екені анықталып, учаскелік полиция инспекторы Алишер Андашев тұрғындарға ескерту жасап, хаттама толтырды.

Рейд кезінде арнайы қоқыс жәшіктеріндегі кент тұрғындарының үйінен шыққан қалдықтарына жайлып жүрген сауын сиырлардың сырғалары арқылы кімдікі екендігі іздестірілу үстінде.

Айталық, жақында кентіміздің Тайсойған көшесі қиылысында қоқыс жеген сауын сиырдың ауызынан көбік атып жатқанын жерлікті тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп, оны әлеуметтік желі арқылы көпшілікке таратты. Осыған орай түйген ойымыз қоқыс жеген малдың қашанда адам денсаулығына кері әсер беріп, түрлі ауруларға әкеліп соқтыруы әбден ықтимал.   

 

 Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 27.09.18 ж. №39 (8190) санынан оқи аласыздар.

 

 

     

           

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521