"ҚҰРМАНҒАЗЫ" ТҰРҒЫНЫН ҚҰДАЙЫ САҚТАДЫ

Бүгін Индер ауданы орталығындағы «Көктем» мөлтек ауданында орналасқан Құрманғазы көшесі - 20 үйдің ауласындағы 7х13 шаршы метр болатын гараж бен сарайдың төбе жабындысы қатты желдің әсерінен ұшып кетті.

-Сағат 13:45 шамасында тіркелген мекен-жайға төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен тиісті бөлім қызметкерлері жұмылдырылды. Абырой болғанда, адам шығыны болған жоқ. Бұл жөнінде біздің тараптан акт жасақталады,-деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ізбасар Сақыпқалиев. Үй иесі Марат Оңдыбаев: -Дүлей соққан қатты құйынды жел шатырымызды ұшырып, токтың желісін үзіп, газдың тұрбасын майыстырып жіберді,-дейді.

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521