Рәміздер насихаты оқушылармен шектеліпті

Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі комиссия отырысында алдымен Жарсуат ауылдық округінің бас маманы Дархан Қапсиықұлы баяндама жасады.

Округтегі барлық мекемелерде мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою туралы арнайы комиссия құрылып, жарамсыз нышандар жойылған. Ал қолданыстағы рәміздер талапқа сай. Насихат жұмыстарына келер болсақ, мектепте дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күнгі сабақ міндетті түрде оқушылар мен мұғалімдердің Әнұран орындауымен басталады екен. Бұдан басқа да мекемелердегі насихат жұмыстары бар.

Сонымен қатар Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол Дүйшімнің баяндамасы да осы тәрізді. Рәміздер талапқа сай. Кітапхана, мектеп, балабақшаларда түрлі шаралар өткен. Дегенмен де аудан әкімі М.Қалауи екі баяндамашыда оқушылармен жасалған жұмысты ғана айтқанын, жаппай ауыл тұрғындарымен кең көлемде жұмыстың жоқтығын сынға алып, алдағы уақытта осыны ескеруді және өзге де рәміздерге деген құрмет жөнінде тоқталып, жиынды қорытындылады.

Ж.Ісім.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521