Пиротехникаға абай болыңыз

Аудан көлемінде 2018 жылдың желтоқсан айының 18-нен бастап 2019 жылғы 3 қаңтары аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Ондағы басты мақсат – аудан көлемінде азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, оны әкету қағидаларын, сонымен қатар оны кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды түсіндіру.

Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры А.Кенжеғалиевтан білгеніміздей аудан көлемінде заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабын 2,3 бөлігі, 483-бабы 1,2 бөлігі, 196-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады екен.

Д.ҚАБИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521