Отызында алтын алқа тағынған ана

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен жақында алтын құрсақты аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды. Соның ішінде Индербор кентінің тұрғыны Саркулова Айгерім Шорақызы «Алтын алқаға» ие болды.

Отыздан жаңа асқан жас ана Айгерім Шорақызы Қызылқоға ауданының тумасы. Индерлік Амангелді Бейсенбаев екеуі 2006 жылы көңілдері жарасып қосылады. Бүгінде отбасында Алдияр, Амандық, Асылжан, Асылхан, Аманай, Жасмин, Айнагүл атты ұл-қыздарын тәрбиелеп өсіруде.

- Көпбалалы отбасында тәрбиеленген балалардың көпшіл, мейірімді болып өсетінін өз отбасымнан көріп өстім, қайын жұртым да осындай үлкен шаңырақ иелері. «Қой егіз тапса, қос түп жусан артық шығады», дегендей әр баланың өз несібесі бар деп ойлаймын. Әрі қала берді балаларымыз өміріміздің жалғасы емес пе! Сондықтан да көп бала дүниеге әкелуден еш жүрексінген жоқпын. Балаларымызды жасынан бауырмал, еңбекқор болып өсуіне баса назар аударудамыз. Шүкір отағасы тұрақты жұмысында. Мемлекетіміз тарапынан жәрдемақыны да көбейтіп қолдап жатқанына алғысым шексіз,-деді ол. «Бақыт – балалы үйге қонады» дегендей, баланың қызығы мен қуанышына шаттанып отырған отбасыға біз де жақсы тілек тіледік.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521