Отбасын сақтайық

Жасыратыны жоқ, аудандық сотта отбасылық кикілжіңдерге қатысты іс жиі қаралады. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін сыйламауы, одан туындайтын жанжалдың соңында іс сотқа жетіп, айыпталушы «ұят отына» оранады.

Мас күйінде үйінде некедегі жолдасын балағаттап, жанұя тыныштығын бұзған А.Н.М. есімді азамат та басынан осындай күйді кешті.

Сот отырысында кінәсін мойындаған ол қазір жәбірленушімен татуласқанын айтты. ӘҚБтК-нің 64, 829-14-бабының 1 бөлігінің 2) тармағын, 829-16 бабын басшылыққа алып судья тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатып, А.Н.М.-ны әкімшілік жауаптылықтан босату туралы қаулы шығарды.

Г.Егізбаева,

аудандық соттың аға сот приставі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521