Вы здесь: HomeАудан тынысыҚонақтан да сақтану керек-ау

Қонақтан да сақтану керек-ау

Жақында аудандық сотта кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың анасы К.К.Г-ға қатысты іс қаралды. «Ұялмаған бұйырмағанды жейді» демекші, жәбірленуші Ж.Қ-ның үйінен қонақтан шығып келе жатып, жуынатын бөлмедегі телефонға көзі түскен ол ақыры бөтеннің мүлкін жымқырып тынған. Сөйтіп, жәбірленушіге 70 000 теңге шығын келтірген.

Сотталушы К.К.Г. сот отырысында қазіргі кезде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандарын, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтырғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Соған орай ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 12-тармағын, 327, 343, 344-баптарын басшылыққа алған сот қылмысты істі тоқтату туралы қаулы етіліп, медиацияның көмегімен бұл іс те шешілді.

Алайда, осы күні қонаққа сенуге бола ма деген сауал туады екен...

Г.ЕГІЗБАЕВА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru