Қолайсыз отбасы тіршілігі көпті алаңдатпай қоймайды

Жақында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру, мінез-құлқы ауыр, жағдайы төмен отбасындағы балалармен жұмыс жүргізу болып табылады. Төрт күнге созылған рейд кезінде аудандық ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полициия майоры Г.Құбашева, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторы, азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Ишанғалиев аудан көлемінде есепте тұрған жайсыз отбасылардың хал-жағдайын зерделеп, оларға профилактикалық, психологиялық әңгімелер жүргізді. Айта кеткен жөн, ауданда 2018 жылы 11 жайсыз отбасы тіркелсе, ол бүгінде 13-ті көрсетіп отыр.

Рейдтік шара барысында осылайша әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындардың күнделікті тіршілігімен танысып көрдік. Сондағы байқағанымыз қай ата-ана болмасын бауыр еті балалары үшін қолдан келген жағдайларын жасап бағуда. Бірақ, оларға көптің көмегі керек-ақ.

Толығырақ 14 ақпандағы газетімізден оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521