Вы здесь: HomeАудан тынысыОқушылар өздерін әскердегідей сезінді

Оқушылар өздерін әскердегідей сезінді

Жыл сайын өтетін 10-сыныптағы ер балалар үшін  аудандық оқу-дала жиынының маңызы зор.

Бес күн бойы оқушылар өздерін кәдімгі Отан қорғаушы сарбаз ретінде сезініп, әскери өмірдің сан қырын үйренеді. Бұл мектептің 34 сағаттық оқу бағдарламасына сай жүзеге асады.

Міне, осындай сыннан өткен 134 сарбаз салтанатты шара өтетін алаңға сап түзеп, батальон командирі Н.Әзербаев батальонның сапқа дайындығы жөнінде мәлімдеген соң аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп, бес күндік дайындықта әртүрлі сайыстар бойынша жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерін марапаттады.

Жалпы мұнда сабақ кестесіне сай бірінші күні оқушылар мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру және ұрыс іс-қимылдарының негіздері, машиналар жанындағы және машинадағы жауынгерлердің іс-әрекеті, шеру және жорық күзеті, атыс жүргізу, танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар, жарылмайтын инженерлік бөгеттер, топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу, т.с.с. әскери оқу-жаттығудың сан қырына қанықты.

Оқу-жаттығуға келген оқушылар өздерін бір сәт әскерде жүрген Отан қорғаушылардай сезініп, үлкен әсер алғандықтарын жасырмайды. Солардың бірі Есбол орта мектебінің 10 класс оқушысы Бақытбек Меңдіғали:

– Мен осы оқу-жаттығуға келгеніме ризамын. Мен мында көп нәрсе үйрендім. Әскери өмірдің, мемлекетімізді қорғауда қандай болу керектігін және соғыс қимылдарында қандай әрекет ету қажеттігі жөнінде мағлұмат алдым. Сондай-ақ жаңа достармен таныстым. Олар менің өмірімдегі ұмытылмайтын азаматтар деп санаймын,– дейді.

Шын мәнісінде жастардың патриоттық сезімін оятып, оларды Отан қорғауға даярлауда бұл сынақтың берері көп.

Ж.ІСІМ. 

 

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru