Наурыз – Нұр шашқан ай

Жарсуат ауылы тұрғындары «Нұрбике» мейрамханасында ұйымдастырылған «Наурыз – нұр шашқан ай» атты Көрісу күніне арналған мерекелік шараның куәсі болды.

Амандық-саулық сұрасып, арқа-жарқа болып, төс қағыстырып көріскен соң, ауыл мешітінің бас имамы Құраш Рысбаев алдымен бақилық жандарға Құран бағыштады. Ауыл халқын құттықтаған округ әкімі Әлифолла Балахметов араздық ұмытылып, татулық артатын өнегесі мол мейрамды кең көлемде атап өтуге ұмтылғандарын айтты.

«Ауылымызда 15-тің үстінде көше, екі мыңның үстінде халық бар. Ұлттық мерекемізді көше-көше болып та бірігіп жасап, шын мәнінде халықтық мерекеге айналдырсақ, мерекенің мәні де мағынасы да артып, қызығы мен сән-салтанаты да көбірек болар еді»,-деді ауыл әкімі. Сондай-ақ, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Талғат Тасқарин, әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлжан Құспанова, тағы басқа да ауылдың азаматтары ақ тілектерін арна мерекелік дастарханнан дәм татып, көңілді кешке белсене араласты.

Мерекелік шара барысында Ерлан Өтекенов, Лаура Қапашева, Гүлсина Жалмұханова, Мағзом Тұрғанов, Азамат Жеңісов, Самиғолла Исағалиев, Мұрат Таласов сынды ауылдың мәдинет үйінің өнерпаздары мен ауылдың өнерлі жандары ән айтып, күй тартылды, би биледі. Ұлттық салт-дәстүрімізден тамаша көріністер қойылды. Әсіресе, мейрамхананың кіре берісінен бастап ұлттық киімдегі қыздардың дәм ұсынуы да ерекше көрінді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521