Мүгедектер қолдауға зәру

Жақында Құлсары қаласында тірек қимыл аппараты зақымдалған көру мүшесі төмен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен, дойбыдан және тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтті.

Бұл байқауға Жасұлан Бисенов жетекшілік жасайтын аудандық мүгедектер спорт клубының мүшелері де қатысып, жеңіспен оралды. Атап айтсақ, үстел теннисінен Жасұлан Тұрланұлы, Индира Жаңғылышова (қыздар арасында) екінші, Мейрамбек Оқас үшінші орынды еншілесе, тоғызқұмалақтан бөденелік Ерболат Жолдасқалиев қола медальді қанағат тұтты.

Бұл байқауда мүмкіндігі шектеулі жандардың жігерін ынталандырып, жеңіс тұғырына жетелеп, өз бойындағы күш-қуат қасиеттерін шыңдайтын бапкерлердің еңбегі ерекше. Жалпы байқау жөнінде аудандық мүгедектер спорт клубының нұсқаушысы Ж.Бисенов:

-Талабы таудай, қиындыққа мойымай жүрген спорт клубының мүгедек спортшылары қай-қай жарыстан болмасын жеңіске жетіп келеді. Кешегі өткен сайыста да қоржынымызды бос қалдырмай екінші, үшінші орынға толтырып келдік. Бұл әрине үздіксіз дайындықтық арасында екендігі сөзсіз. Сондай-ақ тағы бір айта кететін жайт, бізге қаржылай қолдау мен спорттық киімнің жоқтығы қатты салмақ салып отыр. Себебі, кейбір облыстық жарыстарға қаржаттың болмай қалуынан бара алмай қиналып қалып жатамыз. Содан дайындықта аздау болып қалады. Ал бізді әрқашан қолдап, қамтамасыз етіп отырсыз спорт клубының мүшелері жеңіске жетіп, аудан намысын қорғайтын болады,-дейді әңгімесінде.

Толығырақ Дендер газетінің 25 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521