Вы здесь: HomeАудан тынысыҰлы Жібек жолының пайдасы зор

Ұлы Жібек жолының пайдасы зор

Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік жағдайының оңала түсуіне қомақты үлесін қосып келе жатқан Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолының маңызын сезінбейтін жан бүгінде арамызда кемде-кем болар.

Осы маңызды жүйе ежелгі Жібек жолының игілігін халқымыздың көруіне кең жол ашқанын Елбасы өзінің жаңа мақаласында ерекше атап өтеді. Оның географиялық тұрғыдан ұтымдылығын, өркениетке қадам басқан халқымыздың транзиттік тұрғыдан қолайлы жағдай жасауға ұмтылуы жаһандық тауар айналымы, зияткерлік ынтымақтастықты барынша кеңейтіп отырғаны келешекте де маңызды бола түспек.

Мұның өзі бұл жолды біз мақтан етумен бірге барынша жетілдіріп, ауқымды экономикалық, мәдени, туристік талаптар бойынша да тартымды бола түсуін ойластырғанымыз жөн болмақ.

Оған мақалдағы «Тарихи сананы жаңғырту» тақырыбы аясында ерекше тоқталған. Мәселен, «Архив-2025», «Ұлы Даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен және технологиялары», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» аясында атқарылатын тартымды жобалар мен бағдарламалар да туризимге кең жол аша түседі деген сенімдемін. Бұл мақаланың маңызын арттырып, атқарылатын жұмыстың нәтижелі болуына негіз қалайтын міндеттер.

Бағытжан ҚҰНАС,

Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледждің директоры.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru