Ұлттың болашағы – латын әрпінде

Қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиін таныту және насихаттау мақсатында жаңа мәдениет үйінде көшпелі семинар – тренинг өткізілді.

Аудан әкімі Серік Арыстан төрағалық жасаған жиынға «Үш байлық» ҚБ-нің бас директоры, қоғам қайреткері Оразгүл Асанғазы, филология ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы Жұмазия Мәжитқызы, Атырау обылыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әкімшілік бөлімінен Айгүл Қуанышева және аудандық дербес және бөлім басшылары қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған Оразгүл Аманғазы латын графикасына көшуіміздің маңыздылығын, нақты жолдарын және латын графикасының жобаларымен таныстырып, өз пікірін білдірді.

-Ең алдымен латын әліпбиіне көшудің рухани дамуға қозғау салатын, қазақ тілінің жаһандану заманында басқа тілдермен терезесі тең тіл ретінде дамуына ықпал ететінін айта кеткен жөн. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы, заман талабы, бәсекеге қабілеттіліктің алғышарты. Кирилл әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық тілдік ерекшеліктерін толық мәнінде бере алатын әліпби емес, одан гөрі қазақ тілінде орысша жаз деп тұратын әліпби болып отыр. Яғни латын әліпбиіне көшу – бай тіліміздің қаймағын бұзбай, тілдік, дыбыстық ерекшеліктерін сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді,-деп қорытындылады.

Қатысушылар тарапынан латын әліпбиіне көшудің ұтымды тұстары мен пайдасы туралы тұжырымдар айтылып, пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар тұрғындар көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарға қанықты.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521