Әлсіздіктің бәрі әке тәрбиесін көрмегендіктен

Данышпан ұстаз В.А.Сухомлинский «Әкелерге сөз» атты арнауында «Әке-дүние есігін ашып, алғашқы қадам жасап, өмір сүруге ұмтылған әр сәби үшін әрбір ер мен адамға өзінің биік жауапкершілігін сезіндіретін ең ыстық, аса қымбат тұлға.

Әкелік-ұрпақтар сабақтастығының ұлы міндетін де терең сезіндіретін тұс. Сондықтан да әр әке ұлының алдындағы жауапкершілігі шегін дұрыс түсініп, оның тәртіпке мойынұсыну тәрбиесін ұқтыра білгені жөн болмақ», деген сөздері барлық заманға көкейтесті көрінеді маған.

Қазіргі уақытта ұлдарды жалғыз аналары тәрбиелейтін отбасы аз емес. Өмірдің қызығына бөленіп, кейбір жас әкелер дүниеге келген балаларының тағдыры, болашағын ойламайды, жауапкершілік танытпайды, некеге жеңіл қарап, азғындыққа беріліп кетеді. Сухомлинскийдің сөздерінде терең мағына жатыр. Әкелер отбасына өнеге көрсетіп, үлгі болып, ұлдардың тәрбиесіне ықпал жасау керек.

Ерлерге тән әрекеттерін тәрбиелеу, дүниеге көзқарасын қалыптастыру және әйел адамды құрметтеуді ұлдарына үйрету әкелердің міндеті. Ұл балаға үлкен тұлға ретінде қарап, талаптарын ашып, дамуына көмектесу – әкенің парызы. Ұлдардың тәрбиесіне осындай көзқарас болса, олардан дұрыс жолмен жүретін дербес, тәуелсіз ер өседі. Әкенің міндеті – бағыт пен кеңес беру. Бұйрықсыз берген ақыл-кеңестері қиындықтарды жеңіп шығуға көмектеседі. Әкенің әсері қандай болады? Өмірден алған бір мысал келтірейін. Бүгін Қазақстан Елін, соның ішінде Атырау облысын жерлесіміз Ташекенов Темірболаттың Индонезияда өткен Паразияда да жеңіске жеткені таңғалдырды.

Бәріміздің де есімізде А.П.Чеховтың «Адамда жүзі де, киімі де, көңіл-күйі, ойы, сөзі де әдемі болуы тиіс» деген ғұмырлық әсерлі сөздерін ұмытуға бола ма?! Менің есімде талай атақты адамдардың сөздері сақталған.

Әкелердің міндеті – осы қасиеттердің ұлдарына дарыту. Әкелердің өз әрекеттері ұлдарына өнеге болуы керек. Әке ақылы, ұстанымы, кеңесі Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында орын алған және оның жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан да табылады. Елбасы қазіргі заманның жастарын тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысын жеделдету ұсыныстарын айтты.

Өз басым оны қолдаймын.

Б.ҚАРЕКЕШЕВА,

Білім беру ісінің үздігі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521