Вы здесь: HomeАудан тынысыКонькиде сырғанаушылар бас қосты

Конькиде сырғанаушылар бас қосты

Қысқы спорт шымырлық пен ептілікке машықтандырады, әрі денсаулыққа да пайдалы.

Биылғы жылы ауданда барлық орта мектептерге ондаған пардан шаңғы, коньки алынып, мектеп аулаларына мұз алаң құйылып каток жасалып, балалардың қысқы спортқа деген қызығушылығына, сырғанақ тебуіне жағдай жасалуда. Бұл игі істі Жарсуат ауылдық округі тұрғындары да қолдап, Махамбет орта мектебі жанынан тамаша айдын жасақтап, ауыл жастары арасында жолдастық кездесу өткізген болатын. Сондай-ақ Индербор кентінде де «Әйіп-Қажы» мешіті жамағаты жанынынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобы сырғанақ жасап, ауыл тұрғындарына көңіл-күй сыйлауда.

Осы орайда, жақында аудандық жастар ресурстық орталығы да «Көктем» мөлтек ауданындағы катокке жастар арасында конькиде сырғанаушылардың сайысын ұйымдастырып, аудан жастарының басын қосты. Бұл күнгі кеште аудан жастарынан бөлек, кішкентай бүлдіршіндер осы жерден табылды.

Балаларының бос уақытында телефонға телмірмей, далада ойнауы үшін жағдай жасаған кент тұрғыны Марфуға Басарова: - Балаларыммен мұз айдынына келіп олардың дене шынығуымен айналысып жатырмыз. Жылдан-жылға осы дәстүр жалғасын тапса балаларымыз салауатты ұрпақ болар еді. Бүгінгі шараны ұйымдастырып, коньки әкеліп, балаларды қуанышқа бөлеп жатқан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - дейді.

Ал, шараны ұйымдастырушы Жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Кенжеғалиев бұл шараның алда әлі де жалғасын табатындығын айта келе, қолдау білдірген аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен мәдениет бөліміне алғысын білдіріп, жастарды әркез белсенді болуға шақырды.

Жадра Нариманқызы,

Жастар ресурстық орталығының маманы,

штаттан тыс тілші.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru