Халықтың әл-ауқатын арттыру бүгінгі күннің басты мәселесі

Ауданның 2018 жылдың әлеуметтік–экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылдың міндеттері талқыланған аудан активінің кеңейтілген мәжілісіне облыс әкімі Н.А.Ноғаев пен орынбасарлары, облыстық басқармалар мен бөлімдер басшылары, қоғамдық кеңес және қоғамдық ұйымдар жетекшілері, ақпарат өкілдері қатысты.

 Индербор кентіндегі жаңа мәдениет үйінде өткен мәжілісті аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы Қалауи ашып, «2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылдың міндеттері туралы» баяндама жасады.

Ауданда өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын 19 кәсіпорынның есепті кезеңде өндірген өнімінің көлемі 2 млрд 128 млн.теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 131 млн.теңгеге немесе 5,8 % кеміді. Ауыл шаруашылығында жалпы 8 млрд 511 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 484,0 млн. теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 102,0 пайыз болды.

Аудандағы 14 елді мекеннің бүгінде 11-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған, бұл – аудан халқының 99,5 пайызы. Аудан орталығында 67 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Алғашқы тұрғын үйлер 1956 жылы, соңы 2002 жылдары салынған болса, қазіргі уақытта тұрғын үйлердің алаңдары мен айналасының тозығы жетіп, абаттандыруды қажет етеді.

Ауданның жалпы білім беретін 15 мектебін 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында 5786 оқушы аяқтады. Білім сапасы 51,1 пайыз. Мектепке дейінгі біліммен, тәрбиемен 2018-2019 оқу жылында 2218 бала қамтылды. Ал мәдениет саласында 471 шара ұйымдастырылды.

Ауданның емдеу-сауықтыру мекемелері 100 пайыз интернет желісіне қосылған. Ауданда 7 дәрігерге қажеттілік бар. Аққалада фельдшерлік–акушерлік пункттің ЖСҚ жасақталып, құрылыс жұмыстарына қаржы сұратылуда. Жыл ішінде 71 қылмыс тіркелді немесе өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда қылмыс саны 12,3% төмендеген.

Толығырақ газетіміздің 7 ақпандағы №6 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521