Вы здесь: HomeАудан тынысыКенемен кім күреседі бұл сұраққа ешкім жауап бермейді

Кенемен кім күреседі бұл сұраққа ешкім жауап бермейді

Аудандық әкімдікте өткен алқалы жиналыста Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол Дүйшім облыстан келген аумақтық инспекция мен ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы, олардың аудандағы құрылымдары жетекшілері алдында соңғы кезде өңірде көбейіп бара жатқан кенеге қарсы шаралар алуды сұраған еді.

Негізі бұл мәселе ауызекі әңгімелерде ғана емес, өткен жылдарғы тұрғындар жиындарында да бірнеше рет көтеріліп, аудандық газетте жазылған болатын.

Бірақ алынған шара, болмаса басқалай сақтандыру жайы көтеріле қоймаған еді. Бақсақ, бұл мәселемен ауылдық округ әкімі тұрғындардың Жайық бойы тоғайлары мен далалықта кененің көбейіп, малмен бірге ауылға келіп жатқаны туралы дабыл қөтеріп, дереу шарасын алуды сұраған екен.

Амал қайсы, аудан мен облыстағы аталған құрылымдар бұл жұмыс өздерінің құзырына жатпайтынын, онымен күрес жер мен мал иелерінің үлесінде деген уәждерін айтты. Сонда қора-ауладағы емес, дала мен ормандағы кенемен тұрғындар қалай күреспекші? Түсініксіз жайт екен.

С.БИСЕНОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru