Вы здесь: HomeАудан тынысыКәсіподақ төрағасы қайта сайланды

Кәсіподақ төрағасы қайта сайланды

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеттің кезекті X есеп-беру сайлау конференциясы «Көктем» қазақ орта мектебінде өтті.

Жалпы бұл ұйым ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайы мен еңбек құқығын қорғаумен айналысады. Есепті жиынды ашқан аудандық салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қалжан Ахметова қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, көпшілік дауыс беру арқылы жұмыс ретін белгіледі.

Әуелі негізгі баяндаманы аудандық салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қалжан Қапсәлімқызы жасап, аталмыш ұйымның биылғы жылы атқарған жұмысын жан-жақты ашып көрсетті. Оның айтуынша, аудандық комитет филиалы 30 бастауыш кәсіподақ және бір студенттердің бастауыш ұйымын біріктіреді. Ұйымды біріктіріп отырған 2019 кәсіподақ мүшесінің 1248-і педагогикалық, қалған 861-і техникалық қызметкерлерді құрайды. Аудандық білім бөлімі мен аталмыш комитет арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімшарт жасақталып, тіркеуден өткізіліп, жұмыс жасалып жатыр.

Қысқасы аудандық кәсіподақ комитеті түрлі мерекелік шараларға, атап айтсақ кәсіподақ күндері, мұғалімдердің тамыз кеңесі, ұстаздар күні және басқа да мерекелердің жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосып келеді. Жалпы бір сөзбен айтқанда, аудандық кәсіподақ комитеті әрбір қарапайым еңбеккердің құқықтары мен еңбектегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп және көңіл бөліп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ережеге және кәсіподақ жарғысына сәйкес жұмыс жасауларына, әдістемелік көмектер ұйымдастырып, олардың ұсыныстарымен, ой-пікірлерімен санасып, үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Одан әрі Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің бақылау-тексеру комиссиясының атқарған жұмысын «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиешісі Гүлзада Есалиева хабарлады. Күн тәртібі бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы мен құрамын, тексеру комиссиясы мен кезекті облыстық XXIX конференциясына делегат сайланды. Жиын соңында көпшіліктің дауыс беруімен аудандық комитетінің төрағасы болып Ахметова Қалжан Қапсәлімқызы тағайындалды.

Диас АЙБАРОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru