Кәсіпкерлерді қолдау көбейсе екен

«Асыл–тастан, ақыл – жастан» дейді дана қазақ.

Қашанда жаңа істің басы-қасында жалынды жастар жүретіні анық.Сондықтан биылғы жыл білім алып, ғылым қуып, өнер үйреніп, ерінбей еңбек ететін жастардың жылы. Әрине, талантты жастар ауылдық жерлерден қанаттанып, өсіп шығады десек, сол ауылдық жерлерге жас-жеткіншектердің спортпен шұғылдануына орай арнайы орталықтар салынса екен. Сондай-ақ ауылдық жерлерде медициналық орталықтар жұмыс жасайтын болса, онда көбіне егде тартқан аға-апалар, жұмыс жасайтын жастар аз.

Тағы бір айтпақ ойым, ауылдағы жас мамандардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалса екен. Мысалы, ауыл-аймақтарда жастарды кәсіпкерлікке баулитын семинар-тренинг жиі өткізіліп, онда кәсіпкерліктің артықшылықтарын, кәсіп бастауда қандай мүмкіндіктер мен жеңілдіктер бар екенін түсіндірсе, сонда ғана жастардың кәсіп ашуға да құлшынысы артады.

Еламан МАХМЕТОВ,

«Құлыншақ» жеке шаруа қожалығының мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521