Кәсіпкерлер де тазалыққа қатыссын

Аудан әкімі М.Қалуидің төрағалығымен әкімдікте өткен жиынға орталықтағы 66 кәсіпкер шақырылған екен. Бірақ оған санаулылары ғана қатысуға мүмкіндік тапты.

Дегенмен кәсіпкерлердің барлығы да алдағы 30 наурызда өтетін аудандық жалпыхалықтық сенбілікке қатысулары үшін әкімдіктің тапсырмасына сай арнайы кент, бөлімдер арқылы ескерту хабарламалары жеткізіліп, ескертілгені мәлімделді.

Сондай-ақ осы жиында ескерту берілген соң тазалыққа назар аударылмаса, 34 мың теңгеден бастап, өсіммен айыппұлдар сала бастау күн тәртібіне қойылды.

Жөндеу шеберханалары мен сауда нүктелері, базарлар суреттерге үлкен экран арқылы көрсетілді. Шынында да сауда нүктелері маңы түрлі қоқыстар мен тізеден балшыққа батып, тұтынушылармен қатар оның иелерінің жұмыстарына да қолайсыздық туындатып жатқан болып шықты.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521