Көше тұрғындары көшелі іс жасады

Жарсуат   ауылында  төкпе жырдың төресі, жыр сүлейі  Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толуына орай Мұрат Мөңкеұлы көшесінің тұрғындары және Жарсуат мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Көсем сөздің күмбезін айшықтаған» атты  мерекелік шара өтті.

Шараны ауыл имамы Құраш Рыспаев М.Мөңкұлына құран бағыштаумен бастап әрі қарай ақынның шығармашылығы мен өмір жолдарын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Қыстаубаева, ауданның Құрметті азаматы Б.Аталық, БҚМУ студенті Р.Нұржановалар таныстырумен жалғасты. От ауызды шешеннің  өлеңдерін оқушылар Ж.Әміржанұлы, Х.Құрашұлы, Ұ.Жамбылқызы, Е.Айболқызы, Р.Асыланұлы  оқыса, жергілікті ақын Қ.Жылқышиевтың  «Мұрат ақын» атты өлеңін А.Бимұханова  және  айтыскер ақын  М.Таластың «Ақын бабаға»  арнауын  Л.Нүркенқызы тамаша орындады. Ал, айтыс өнерін Жарсуат халық театрының мүшелері  мен  тұрғын Г.Жаналисова  ортаға салып, көрерменді бір сілкінтіп тастады. Негізгі жауапкершілікті өз қолдарына алған Мөңкеұлы көшесінің тұрғындары көже, бауырсақ пісіріп, оған қоса қолөнер бұйымдарынан  көрме жасады. Ал ақын мұраларынан, шығармашылығынан кітап көрмесін қойған Жарсаут ауылдық кітапханасының меңгерушісі Б.Тастемирова көрмені таныстырып, өлең оқыған шәкірттерге Алғыс хаттар мен  сыйлықтар табыстады. Әсем әнді әуелете орындағандардың бірі  БҚМУ оқу орнының түлегі, республикалық байқаулардың жүлдегері Ж.Исламғалиева болды.

Көше мерекесінің соңы спорттық ойындарға жалғасты. Онда кір тасын көтеру, арқан тарту және асық ойынынан сынға түскен ауыл азаматтары мен оқушылар бақтарын сынап, жүлде алды. Кір тасын көтеруден  ауыл азаматы Қ.Таженов, арқан тартыстан 1982 жылғы туылған  түлектер және асық атудан  А.Қанатұлы  І орындарды қанжығаларына байлап, М.Мөңкеұлы көшесінің тұрғындары дайындаған  дипломдар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Шара соңында ауыл әкімі міндетін атқарушы Д.Қапашев   ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Ауыл ардагерлерінің жетекшісі Т.Тасқарин, Д.Құспанов, Е.Пшатаев, Д.Құрақов,  Е.Шақкөзов,   т.б. ауыл азаматтары қол ұшын берген мерекелік күнде тұрғындар ұлттық  киім киініп кештің көрікті өтуіне бар күштерін салды. Соңында  аталған көшенің  аналары музыка мектебінің мұғалімі  А.Рашұлының сүйемелдеуімен  халық әндерін орындады.

Жарсуат ауылы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521