Көлігі бардың көңілі сайлы ма...

Жақында әріптесіміз жазғандай, ауданда 4536 автокөлік бар екен.

 Мұның сыртында есепте жоғы, басқа жақтан келіп жүргені қаншама. Бүгінде автөкөлікті күнделікті қажеттілікке жататын құралдар қатарына қосып, үнемшілдер тигізер пайдасынан гөрі, зияны да аз еместігін жиі сөз етіп, жаяу жүріп, велосипедке ауысқан денсаулыққа да, қаржығы да тиімді санауда.

Үйде отырып от алдырған жеңіл, бірақ...

Тағы бір қауіп, машинаны үйде отырып от алдыратын қондырғыға қатысты. Ол өте қауіпті көрінеді. Әсіресе, бұл сыртқы ауа райына байланысты болып келеді. Егер көшедегі салқындық 30 градустан төмендеп кетсе, ол cірә қауіпті. Өйткені, өздігінен от алып тұрған машина жүрмегендіктен температураның өзгеруіне сай конденсат сыртқа шықпай ішке жинала береді. Кейін мұзға айналып, глушитель бойымен тереңдеп, оны бітейді. Қалалық жерде мұның салдарынан от алмай қалған көлікті арнайы орынға алып барып, конденсатты шығарады, ал ауылдағыларда ондай мүмкіндік жоқ.

Автокөлік тұрып-ақ ескіреді

Автокөліктің жылдар бойына қаңтарылып тұрғаны да қисынсыз. Өйткені, техника тұрып қартайса, оның қондырғылары да істен шығып, өздігінен тоза береді. Ең алдымен қондырғылар майланып немесе ағып, кеуіп қалуы мүмкін. Сондықтан көп тұрыстан «оянған» көлігіңіз от алғанда тіпті кейбір құрылғыларының қажалған сұмдық дыбысы шығады. Содан да сатушы «көлігім жүрмеген, жаңа» деп мақтап жатса, қаншалықты тұрғанын тәптіштей сұрап алғаныңыз артық емес.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521