Вы здесь: HomeАудан тынысыКөк тайғақ, ала тұман біраз сынға алды

Көк тайғақ, ала тұман біраз сынға алды

Алты ай жазғы-қысқы маусымға дайындық жұмыстарын күні кешегі 6-9 желтоқсандағы қалың тұман мен жаңбыр, одан соңғы көктайғақ алғашқы сын тезінен өткізгендей болды.

Дегенмен, адамның шаруасы таусылған ба, әрі жұма-сенбі-жексенбі күндері дерлік екі беттегі Атырау-Орал, одан соң Атырау-Индер жолдарымен арлы-берлі жүруге мәжбүр болғандар да аз болмады. Сонда байқағанымыз, алдын ала жасалған ескертпеге сай 6 желтоқсан күні Атырау-Индер жолы арқылы қозғалысқа тыйым салынды. Өйткені, бұл күні әуелі жаңбыр, одан қар жауып, соңы көктайғақ пен қалың тұманға ұласты. Жақсысы, Атырау-Индердегі жол-қозғалысын бақылаушылар тәртіпті қатаң ұстады.

Бірақ екі беттегі жол бойында әдетте қиын сәтте жылыту пункті бар, онымен мына нөмерге байланыса аласыз деген құлақтандыруды байқамадық Сол секілді Атырау-Индер жолына бойына көктайғақ жолға төгілген топырақты да көрмедік.

-Бұл жолды «Аслим» ЖШС жеңіп алған болатын. Бірақ жұмысы әлі көрінбейді,-деді аудандық әкімдіктің төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Қайыржан Нұриев.

Оның хабарлауынша, Индербордағы жолдарға «Ақ Жайық» ЖШС арқылы 11 т.м. инертті материал төгілген. Өкінішке орай, қар мен көктайғақ кезіндегі жолға іркілетін қалдықты жинап алатын техника жоқ. Оны округ әкімінің міндетін атқарушы Асхат Аймұратов та жасырмады.

Соңында көктайғақтан аудандық ауруханаға 7 адам түрлі жарақатпен келсе, оның бесеуі бүгінде ем алуда. Ал құрылыстық бір тұрғынды машина қағып, мерт болыпты. Бүгінде тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.

С.ХАЛЫҚОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru