Вы здесь: HomeАудан тынысыҚиындықтарды бірге жеңген едік

Қиындықтарды бірге жеңген едік

Тәуелсіздіктің шұғылалы шуағы атпастан бұрын сонау 90–ыншы жылдарға дейін-ақ ел халқының зор сеніміне ие болған, кейін барша қазақстандықтардың бірауызды қолдауының арқасында Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланып, осы қастерлі міндетті бүгінге дейін табысты атқарып келген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін ерекше толқыныс әрі ризашылық сезіммен тыңдадым.

Сонау қиыншылық жылдардың ауыртпалықтарын біз, ардагерлер, жақсы білеміз. Өткені, Елбасымен бірге соның бәрін бастан өткердік, оған талқыға түскен сәттерде сенімді серік бола білдік деп ойлаймын.

Сондықтан да сол бір қиыншылықты сәттен сүрінбей өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып қоймай, оның Қауіпсіздік Кеңесінде төраға болуға дейін жеткен Қазақстанның беделін өсірген еңбегін әрқашан мәртебе санауға тиіспіз.

Әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылып қоймай, бүгінде одан да жоғары бәсекеге лайықты 30 дамыған мемлекеттер санатынан табылуға ұмтылу жайында өршіл міндет қою жас мемлекетке, соның ішінде Қазақстанға лайықты мақсат екенін баршасы мойындады әрі қолдады.

«Баршаңызға - халқыма зор ризашылығымды білдіріп басымды иемін. Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар-күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім»,-деген жолдарды қарапайым көңілмен естіп, тыңдау жеңіл емес.

Бірақ, бұл – өмір заңы. Келешек жастар да ел қамын, Қазақстанның болашағын, ел мүддесін барлығынан да биік қояды деген сенімдемін.

Өтеп НҰРИЕВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,

ауданнның Құрметті азаматы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru