ҚИРАҒАН ҮЙ, ҚИНАЛҒАН ТҰРҒЫН

Индербор кентіндегі Сейфуллин мен Тұңғатаров көшелерінің бойындағы ескі екі қабатты үш корпус кенттің көркін кетіріп тұр.

Бұл жердің тұрғындары осыдан екі жыл бұрын жаңа 60 пәтерлік үйге көшірілген болатын. Содан бері бұл корпус иесіз қалып, қирап, іші қоқысқа толыпты. Тіпті ішімдікке сылқиа тойғандар да осы жерден табылатын көрінеді. «Кешке қарай балаларымыз осы жерде ойнайды. Барма десең де ойын баласы болғасын барады. Кейде абайсызда қираған тастардың астында қалып қоя ма деген үрейде отырамыз»,-дейді осы мекеннің тұрғыны Салтанат Жұмалиева. Қанша мәрте әлеуметтік желіге жазып, әкімдіктердің табалдырығын тоздырған тұрғындар ешқандай көмектің әлі күнге дейін болмағынына қынжылады.

Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз хатшысына хабарласқанымызда: «Кент әкімінің айтуы бойынша бұл жұмыстар қазіргі таңда жоспарлануда. Жақын арада барлық теxникалар жұмылдырылып, тегістеліп тазаланатын болады» -деді. Айтып келмейтін апаттан қалай дегенде де сақтанған жөн.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521