Индерлік кәсіпкерлерді жер мен несие толғандырады

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақтан халқына арнаған жаңа Жолдауында кәсіпкерлікті қолдауға, қорғауға басты назар аударады.

Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ауданда өткен «Бірыңғай партия» күні кәсіпкерлердің құқын қорғауға арналды. Алдымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев кездесудегі мақсатымыз - кәсіпкерлерге салық заңнамалары мен есептілігі, процедураларын түсіндіру және осы бағыттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, оның алдын алуға арналып отырғанын айтса, кәсіпкерлер тарапынан жер мен несие алу жөнінде негізгі сауалдарын жолдады.

Елтайлық Н.Қарақойшы малын көбейтіп отырғанымен, ауыл шаруашылығы жерінің тапшы болып отырғанын көтерді. Бұл жөнінде аудан әкімі С.Арыстан бұдан бұрын түрлі мақсатқа алғанымен, игермей отырған жерлерді анықтау мақсатында атқарушы органдармен бірлескен жұмыстар жүріп жатқанын атап өтсе, аудандық жер бөлімінің басшысы Амангелді Саламат:

-Ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмей отырған 33 жер телімі анықталды. Биылғы жылдың өзінде 7266 гектар болатын 9 жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Оның 3-уі сот тәртібімен, қалғаны ерікті түрде тапсырылды. Қазір ерікті түрде тапсыру жақсы қалыптасып келеді. Қазір де 16 адамға хабарлама жіберіліп, түсініктеме жұмыстары жүруде, - дейді. Кездесу барысында Нәсіп Нұржаубаева, Орақ Ерболатов сынды аудан тұрғындары өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521