Вы здесь: HomeАудан тынысыИндербор кенті әкіміне үміткерді таныстырды

Индербор кенті әкіміне үміткерді таныстырды

Елбасы Н.Назарбаев республикада жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіткені белгілі.

Онда ауыл мен аудандық тұрғыдағы қала әкімдерінің сайланбалылығын енгізу қарастырылған болатын. Осы орайда аудандық қоғамдастықтың жиыны өтіп, негізгі мәселе – тұрғындарға Индербор кенті әкіміне кандидаттар таныстырылды. Жиынға жетекшілік еткен аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев көпшілікке әкім сайлауының талаптарын қаперге бере келе, алдымыздағы 11 қаңтар күні Индербор кенті әкімі лауазымына сайлауға түсетін 3 кандидатты таныстырды.

Олар аудандық «Ветеринариялық станциясы» мекемесінің басшысы Бөкеев Ербол Ержанұлы, аудандық пошта байланыс торабының басшысы Жобалов Айдар Асқарұлы, Индербор кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы Аймұратов Асхат Саламатұлы. Яғни әкім орынтағына кандидаттардың бәрі жауапты қызметтерді атқарып отырған азаматтар. Бұйырса, Индербор кенті әкімі кім болатындығы алдағы жылдың 11 қаңтарында сайлауда белгілі болады. Ал бастысы әкім кім болса да күннен-күнге қарыштап өсіп келе жатқан аудан орталығы – Индербордың туындаған өзекті мәселелерін уақытында шешуге ықпал етіп, тұрғындардың алғысына бөленгенін қалаймыз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru