Қилы кезең тынысы көз алдымызда

1934 жылы негізі қаланған «Дендер» газетінің электронды нұсқасы арнайы газет тігіндісі ретінде де алғашқы нөмірлері шығарыла бастады.

Соған орай жақында «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспасөз клубында арнайы тұсаукесу рәсімі өтіп, салтанатты кешті мекеме директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қабылов ашып, газет редакторының жаңашылдығы мен ізденгіштігі арқасында басылымның көне тікпелеріне қол жетіп отырғанын, өзге де игі жұмыстың мазмұнына тоқталды.

Ал аудан әкімі Серік Арыстан құтты болсын айтып, қолға тиіп отырған басылымның көне нұсқасында ауданның сол кездегі тыныс-тіршілігін боямасыз оқып, сол бір қилы кезеңдердегі еңбекшілердің жанқиярлық еңбегі, газет сайын халыққа жарияланып тұрған соғыс хабарлары, ел мен жер тарихы, талай-талай дала кезген дүлділдердің де өмір баяндарын кездестіруге болатынын айтты. Бұдан басқа кеңседе газеттің көрмесі ұйымдастырылып, онда әр жылдардағы редакцияда жұмыс жасағандардың тұтынған заттары, басылым марапаттары, журналистердің әр жылдарда шыққан кітаптары сынды өзге де жәдігерлер қойылып, шараға қатысушыларды тамсандырды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521