Гурьевке көпір салу қалай басталып еді

«Құрмет белгісі» орденінің иегері, Индер ауданының Құрметті азаматы, 1951-55 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болған, бүгінде Бөдене ауылында тұратын Жаңылсын Өтепқалиқызын елі жақсы құрметтейді.

Зейнеткер жасынан еңбекке араласса, әкесі Өтепқали Есенжан Биғазиев басқарған «Екпінді» колхозында көрікші болып, барлық техниканың жүруіне зор үлесін қосыпты. Кейін «Екпінді», «Алғашық», «Алғабас» колхоздары бірігіп, «Сталин» атындағы колхоз атаныпты. Осындай шаруашылықтарда жылқы фермасы мен түйе шаруашылығында, 1959 жылдан кейін ұзақ уақыт "Индер" көкөніс-сүт кеңшарының егін шаруашылығында абыройлы еңбек еткен.

Өзінің өнегелі еңбегі, белсенділігі нәтижесінде 20 жасынан бастап, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып, ел жүгін арқалайды.

-   Атыраудан (бұрынғы Гурьев) 13 депутат болдық. Ең жасы мен болатынмын. Бір күні облыс орталығына көпір салу жөнінде ұсыныс айту керек болып, жас депутат ретінде ол міндет маған жүктелді. Содан осы ойымды жеткіздім. Кейін ұсынысым қабылданып, көпір салу қолға алына бастады,-дейді еңбек ардагері. Ал кеңестік кезеңнің көсемдерінің бірі болған Сталиннің қайтыс болғаны туралы хабарды 1953 жылы комсомолдардың съезіне кетіп бара жатқанда поезда естіген көрінеді.

-  Біздерді қонақ үйге орналастырды. Ешкім үндемейді. Біреу алып кететіндей қол-аяғымыз дірілдейді. Көше де қара ту түсірілген, қаралы музыка ойнап тұрды,-дейді сол бір қилы кезеңдерді еске алып.

Ж.Ісім.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521