Вы здесь: HomeАудан тынысыГазет дронмен жетсе дейді

Газет дронмен жетсе дейді

Аудан орталығынан отыз үш шақырым қашықтықта «Индер-Қарабау-Миялы» тас жолының бойында орналасқан Кетебай ауылында 10 үйде 46 адам тұрады.

 Осындағы сол он шақты үйдің мұржасынан шыққан қою түтін ауыл тірлігін білдіреді. Осындағы заманауи үлгідегі жаңа пәтер «Ақтөбе» шаруа қожалығының басшысы Қуаныш Естайдың шаңырағында тұрғындармен өткен кездесуде, олар бірауыздан барлық атқарылған істерге риза екендіктерін, дегенмен де ұялы байланыс пен интернет желісін жүргізуді жолға қою кетебайлықтардың басты сұранысы екені жеткізді. Қайткенмен де мұнда ұялы байланыста жоқ, тек адамдар спутниктік телефонды тұтынуда.

Айта кетейік кетебайлықтардың баспасөзбен байланыстары үзілген. Тек газетті ауданға қатынаған кездері оқиды екен. Тұрғындар ауылда интернет жүйесі жетпегендіктен, осындай шалғай ауылдарға хат-хабарды дронмен жеткізілсе екен деген ұсыныстарын білдірді.

Шағын ауылда өткен кездесу жиынын аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев қорытындылап, көтерілген арнайы сұрақтарға тиісінше жауап беріп, әрбір айтылған ұсыныс-пікір аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

Д.ҚАБИ,

Жарсуат округі.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru