Вы здесь: HomeАудан тынысыЕрназар –«Үздік студент»

Ерназар –«Үздік студент»

- Аққаладағы ауылдастарым Мэльс пен Қалмаш Жұбановтардың отбасында бүгінде үлкен қуаныш-той.

Олардың осындағы орта мектепті бітіріп, Оралдағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде оқып жатқан ұлдары Ерназар университеттің «Үздік студенті-2018» жүлдесін жеңіп алыпты,-деп белсенді тілшіміз «Аққала-мәдениет» КМҚК директоры Камалиден Ізімов  хабарлайды.

Расында да әріптес ініміз бен ата-ананың қуанатындай себебі де бар екен. Университеттің 4-курс студенті Ресейдің Саратов қаласында өткен «Наследники традиций» атты халықаралық байқаудың лауреаты атаныпты.

Ауыл баласының  жақсы оқуы және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін «Үздік студент-2018» байрағын жеңіп алып, кеудесіне арнайы төсбелгі тағылуымен бірге университет жанынан шығарылатын «Жас қыран»  кітабына суреті мен өмірбаяны да енгізілген.

«Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, мектеп қабырғасында жүргенде бірнеше байқаулар мен спорттық шараларға белсене қатысып, өзін танытқан жас Орал қаласында да кейіндеп қалмай, облыстық «Дала дарындылары» атты жастар шығармашылығы фестивалінде «эстрадалық вокал»» жанрында дараланып, екінші дәрежелі дипломды жеңіп алған.

Жас таланттың жетістігі бір бұл емес, ол биыл 20 жылдығы атап өтілетін  Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінде өнер көрсеткен Қазақстан мен Италияның 1200 музыканты қатысқан ұжыммен Густав Маллердің 8-інші симфониясын ойнау құрметіне ие болған.

Қарапайым еңбек адамдары болса да өнерге әрдайым жандары жақын жүретін Мэльс пен Қалмаш та бір кездері Есенжол Домбаев ағамыз басқарған халық театры құрамында өнер көрсетіп, түрлі марапаттарға ие болған еді. Енді ата-анасының ізін жалғаған Ерназар да өнер жолын қалаған екен, оған тек сәттіліктер серік болсын демекпіз.

С.ХАЛЫҚОВ.

Аққала ауылы.

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru