Еңселі міндеттерге – соны жігер

Елордаға барған әр сапардың маңызы ерен болса, осы жолы Президент Н.Ә.Назарбаев қатысып, еңселі міндеттер қойған «НұрОтан» партиясының кезекті ХVІІІ съезіне қатысуым маған ерекше жігер, соны серпін берді.

Мұнда атыраулық әріптестеріммен бірге жан-жақтан келген «нұротандықтармен», қонақтармен кездесіп, еліміз үшін айрықша маңызға ие мәселелер түйіні тарқатылғанына куә болғанымды мақтан етемін. Оның ең басында Елбасының сөз сөйлеп, «Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік.

Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды. Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін»,-дегенін үлкен өрлеу жағдайында қабылдап, бірауыздан қолдадық.

Елбасы баяндамасында негізінен ел дамуының басым бағыттарын, тұрмысты оңалтуды одан әрі қолдауды жетілдіре түсуге арналды. Әлеуметтік салаларды әлеуеттендіру, бюджет саласы қызметкерлерін жалақысын көтеру, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жайлары алдағы жылдарда қалай шешілетіні нақтыланды.

Қандай керемет бағдарлама болмасын, егер ол ел әл-ауқатын жақсарта алмаса, тұрмысын түзей алмаса ол бағдарламаның құны жоқ екенін атап көрсетіп, «Мен халқымның қазір бақытты болғанын қалаймын» деді Елбасы.

Жалпы барлық жұмыстар «Нұр Отан» партиясы жариялаған маңызды жобаларға қолдау көрсетіп, іске асуына жағдай жасау екені сөзсіз. Сондықтан да біз Елбасы сөзінде қойылған міндеттерді, аудандық білім ордаларында ІТ-сыныптар желісін ашу жұмыстарын одан әрі кеңейте түсу арқылы, жастардың ағылшын тілін меңгеруіне көмектесу, түрлі қайырымдылық шараларына мұрындық болуды жалғастыра беретін боламыз.

Өтепберген ОРАЗҒАЛИЕВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

ХVІІІ съездің делегаты.,

Астана қаласы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521