Вы здесь: HomeАудан тынысыЕңселі міндеттер ел ертеңі үшін

Еңселі міндеттер ел ертеңі үшін

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Ислямұлы Дүйсенбаев Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы Жолдауында қойылған еңселі міндеттерді сөз еткен кездесуін ауданның белсенгерлерімен, колледж және медицина қызметкерлерімен үш жерде өткізді.

Үш орында өткен бұл кездесулерді аудан әкімі Серік Арыстан ашып, қонақтарды таныстырып, жүргізіп отырды. Ауданның үш жерінде өткен кездесулерде Сенат депутаты Ғ.И.Дүйсенбаев Елбасы Жолдауын Қазақстан халқының тұрмысын одан әрі жақсартудың таяу арадағы даму басымдықтарын айқындайтын, болашаққа бағдар беретін айрықша маңызды құжат екендігін атап, ондағы нақты міндеттерді саралап берді.

Оның бастылары-халық табысын өсіру, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастыру, жеке инвестицияны ынталандыру, бұл жолда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын одан әрі жалғастыру, қаржы секторының рөлін күшейтіп, банктердің жұмыстарын реттеу, мониторингтеу, экспортқа бағытталған индустрияландыру жұмыстарын іске асыру жайына кеңінен тоқталды.

Ал облыстық Мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зейноллаұлы Зинуллин Президент Жолдауында қойылған міндеттерді жергілікті жерлерде іске асыру бойынша облыста іс-шаралар жоспарлары жасақталып, ақпараттық-насихаттық топтардың жолға шығып жатқанымен таныстыра кетті. Бұл жұмыстарға облыстағы депутаттық корпус та белсене үлесін қосып жатқандарын атады.

Сонымен бірге облыстық мәслихаттың мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ерекше назар аударып, тұрақты тыңдаулар ұйымдастыру, зерделеу жұмыстары басталғандығын сөз етті. Аудан активіне қатысқан облыстық денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының басшылары М.Аймұрзиева, Т.Мұсағалиев, Қ.Кенжеғалиев сөйлеп, өз салалары бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді іске асырудың жайларын әңгімеледі.

С.ХАЛЫҚОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru