Еңбекте ерінбейтін, жұмысы көрінбейтін жандар

Қазақстан Респбликасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай жаңа мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Серік Арыстан әріптестерін мерекемен құттықтады.

-Ауданымызда қазіргі уақытта 250-ге тарта мемлекеттік қызметкердің 110тікелей аудандық әкімдікпен жұмыс жасауда. Қазіргі саясат бойынша ауданымызда алғашқы бес айда 6555 халыққа қызмет көрсетілсе, онда ешқандай кедергілер мен қиыншылықтар заң бұзушылықтар болған жоқ. Бұл сөз жоқ мемлекеттік қызметшінің өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасы екендігін аңғартады.

Қазақстан халқына қызмет етуде табыстарға жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін, – деген аудан әкімі өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз атқарып жүрген қызметкерлерді марапаттады.

Айталық, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Артур Мурзин, аудандық статистика басқармасының жетекші маманы Маржан Серікбаева, аудандық кірістер басқармасының бас маманы Гүлмира Жанғалиева облыс әкімінің, аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Сәуірбай Қыдыр мен Өтеген Құспанов ауданның Құрмет грамотасымен, аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің радиобайланысшысы Айкенже Қабиева, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Жасұлан Серіков, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ардақ Үсенқызы, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Эльвира Төлепбергенова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Самал Есекенова, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Абдиров аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Мерекелік кешке қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров әріптестерін мерекемен құттықтап, мемлекетке қалтқысыз қызмет етіп жүргендері үшін алғыс білдірген соң, аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-қазынашысы Дәмеш Тілегенова мен Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлфара Тұрақбаеваға облыстық, ал аудандық инспекция бөлімінің бас маманы Алтын Хасанова мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Нұрасыл Сағынғалиевқа аудандық мәслихаттың Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ кеш жүргізушісі облыста өтіп жатқан салтанатты шарада Көктоғай ауылдық округ әкімі Мәмбетқали Құсайынов облыс әкімінің, ал Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тоқжан Төлеуова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облыс бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталғанын мәлімдеді.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

 

Диас АЙБАР.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521