Еңбегі ескеріліп, құрметтелді

Жақында аудан әкімі Серік Арыстан алты ондықты бағындырып, алпыстың төріне шыққан зейнеткер-ұстаз, бүгінде облыстық дін істері басқармасының ақпараттық-талдау орталығының аудан бойынша жауапты маманы Қымбат Хайроллақызы Кәрімді қабылдап, оның өңірге сіңірген еңбегіне тоқтала келе, ауданның Құрмет грамотасы мен гүл шоғын табыстап, иығына ұлттық нақыштағы камзол жапты.

Мерейгер еңбек жолын Аққала орта мектебінде пионер жетекшісі болудан бастады. Кейін Гребенщик орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бола жүріп мектеп директоры қызметіне дейін көтерілді. Содан 1993 жылы аудандық білім бөліміне әдіскер болып қызмет ете жүріп, бөлімнің маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті.

Білім саласында 42 жыл еңбек еткен мерейгерді аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров пен бірге үзеңгілес әріптес-достары да құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Солардың бірі, зейнеткер-ұстаз, досы Нұргүл Кәрімқызы: «Бұл кісі туралы таңды-таңға ұластырып айта беруге болады. Себебі ол жан-жақты адам. Оның өзі осы әке-шешеден алған тәрбиенің арқасы. Қазақта тектілік деген ұғым болса ол апайдың бойына дарыған.

Апайдың арғы-тегі діни жағынан сауатты молда болған адамдар. Ол қанша дегенмен де қанмен берілетін нәрсе. Қымбат Хайроллақызы қай жағынан алғанда да парасатты, қара қылды қақ жарған, әділдікті жаны сүйетін, адамгершілігі мол, құрметке лайықты адам»,-дейді.

 

А.Диас.      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521