Әділет – Наурыз төлдерін ерекше күтіммен баптайды

«Алғабас-Жорық» каналы бойындағы шаруасын жүргізіп отырған шаруа қожалықтардың бірі - «Тоқбай». Сағат Садықов жетекшілік ететін шаруа қожалық егін шаруашылығымен бірге мүйізді ірі қара мен жылқы ұстайды. Біз жолымыз түскенде шаруа қожалығында үлкен ұлы Әділет Сағатұлы шаруасын жайлап, жиырма шақты бұзауға шөбін салып жүр екен.

- Көктем шығып, қолдағы малымызды жайылысқа шығарып, шаруамыз біршама жеңілдеп қалуда. Шүкір, мал ауруынан аманбыз, - деп қарсы алды жас шаруагер Әділет Сағатұлы ақжарқын көңілмен.

Қыстың бастапқы кезеңінде жаңбыр жауып, көктайғақ болғаны шаруаның қамындағы жандарға оңай болмапты. Дегенмен қыс жайлы болып, қыстан шығынсыз шығып жатқан жайы бар екен. Өткенен бері сиырлары бұзаулап, наурыз төлін ерекше күтімге алып, отығып кетуін қадағалауда.

- Каналдан су алу жыл сайын қиындап бара жатқан еді. Биыл оған жөндеу жұмыстары жүреді деген жақсы хабарды естіп қуанып қалудамыз. Әттеген-айы тоғай ішінде ит-құс жоқ емес, әсіресе, соңғы жылдары бұралқы иттер көбейіп, құлындарға қауіп-қатерін төндіретінін болды. Жақында бір құлынымызды талап өлтірді,-дейді.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521